ҚАЗАҚША | РУССКИЙ

ДЕПАРТАМЕНТ 'DEPORTAMENT'
     Бас бетке       
     ҚР мемлекеттік рәміздері       
     Жалпы ақпарат       
     Құрылым       
     Басқарма басшылығы       
     Мемлекеттік сатып алу       
     Заңдар       
     Мемлекеттік қызмет көрсету       
     Стратегиялық жоспар       
     Бос орындар       
     Мекемеге қарасты ұйымдар       
     Танымал тұлғалар       
     Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері
      
     Облыстың мәдени өмірі       
     Ескерткіштер       
     Ар-намыс кодексi       
     Афиша       
     Басқарманың жоспары       
     Жолдау, бағдарламалар туралы       

Құрметті азаматтар!

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы сайтына қош келдіңіздер!

рисунокЕлбасымыз атап көрсеткендей, «Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады, өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».

Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің - рухы биік. Ал, рухы биік халықтың - іргесі берік, әлеуеті қуатты, ынтымағы жарасты болады.

Халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері, шұрайлы тілі, діні - дәл осы «мәдениет» деген асыл ұғыммен астасып жатыр.

Ақжайықтың қойнауы құтты, өңірі өнерлі!

Бұл - шашақты найза, шалқар күйін қатар ұстаған Сырым мен Махамбет туған қасиетті ел!

Бұл - халқымыздың ортақ мақтанышына айналған Құрманғазы мен Динаның, Дәулеткерей мен Сейтектің күмбірлете күй төккен өлкесі!

Бұл - "Оралдан ән оздырған" Мұхит бабамыздың шарықтата салған "Айнамкөздерін" әлдилеген аймақ!

Қылышынан қан тамған Кеңес дәуірінде, айдай әлемге "Мен қазақпын" деп жар салған Жұбандардың, қазақтың Қадырының атамекені!

Біз, міне, осындай киелі топырақтың қастерлі қасиеттерін аласартпай, асқақтата түсуге тиістіміз.

Құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, ұлт мәдениетін жетілдіре беру - уақыт талабы.


Copyright © 2008. "ЦИСиТ"
www.akorda.kz http://nurotan.kz http://strategy2050.kz/ http://business.gov.kz/kz http://www.assembly.kz/kk рисунок http://egov.kz рисунокрисунок http://anticorruption.gov.kz

  Наверх